Page 59 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 59
болған кейіпкердің кейіннен тірі және аман болып шыққаны, және
ең таңқаларлығы кейіннен оның араб екенінің анықталғаны еді.
Кейіпкерлердің қайғысы мен қуанышын бөлісу үшін екі
сентаво төлеген көрермен бұл жат жерлік алаяқтыққа төзе алмай,
кино залын ойран қылған еді. Дон Бруно Креспидің талап етуімен
алькальд халықпен сөйлесуге шығып, киноның өмір еместігін,
оның ойдан шығарылатынын және ол үшін соншалықты күйзеліп
қажеті жоқ деп түсіндірді. Бұндай естен айырарлық әңгімеден соң
өздерін цыгандардың жаңа зор айласының құрбаны болдық деп
біліп, ендігі жерде кинотеатрларға бармаймыз, ойдан шығарылған
әлденелердің қырсығысыз ақ өзіміздің бас қайғымыз бен
қиыншылықтарымыз онсыз да жетерлік деп шешті. Макондо бұл
колумбиялық жазушы Габриель Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық
жалғыздық» романынан үзінді. Роман оқырманның
қызығушылығын және оң эмоцияларын туындататындықтан жеке
жағдайға қатысты ретінде топтастырылады.
1– сұрақ: Маконда
Макондо тұрғындарының ызасын шақырған фильмдердің қандай
ерекшелігі?
.................................................................................................................
.................................................................................................................
Дұрыс жауап:
• Олар қайтыс болды деп санаған адамдар өмірге қайтып
келеді.
• Олар фильмдер шынайы деп ойлады, бірақ олай болмай
шықты.
• Олар фильмде өлі болып бұларды алдаған адам, өздерін
ақымаққа санып отыр деп ойлады.
• Олар фильмдердің ойдан шығарылатынын түсінбейді.
• Өйткені кейіпкерлері алдыңғы фильмдерде қайтыс болатын
актерлар басқа рольдерде көрермендерге қайтып оралды.
• Аудитория өзін оның сезімдерін ұрлап алғандай сезінді
• Олар өтірікші адамдардың проблемаларын арқаламай-ақ
өздерінің проблемаларымыз да жетеді деп ойлады.
• Себебі бір фильмде жерленген актерлардың бірі басқа
фильмде араб рөлінде қайта оралды.
• Олар алаяқтықтың құрбаны болдық деп ойлады.
61