Page 54 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 54
шамамен 20% су болады. Бұл уақытта аралар ұяшықтарын
балауыздан жасалған қақпақтармен жауып қояды.
Әдетте, аралар шірнені бір типті гүлдерден және бір жерден
жинайды. Шірненің негізгі қайнар көздері жеміс ағаштары, беде
және гүлденген ағаштар болып табылады.
Глоссарий
• Омартағы ара омартаның ішінде жұмыс істейтін жұмысшы
ара
• Төменгі жақ ауыздың бөлігі
1– тапсырма. Аралар
Аралар биі не үшін қажет?
A. Балдың табысты дайындалғанын атап өту үшін.
B. Жинаушылар тапқан өсімдіктің түрін көрсету үшін.
C. Жаңа ұрғашы араның тууын атап өту үшін.
D. Жинаушылар тапқан тамақтың қайда екенін көрсету үшін.
Дұрыс жауап: D.
2– тапсырма. Аралар
Шірненің негізгі үш көзін жазыңыз.
1.
2.
3.
Дұрыс жауап: Сұрақтың мақсаты: ақпарат алу: бұратын
ақпаратсыз, әріп тіркесі abc, abe, bde (кез-келген ретпен)
a: жеміс ағаштары b: беде
c: гүлденген ағаштар d: ағаштар
e: гүлдер
3– тапсырма. Аралар
Шірне мен балдың арасындағы негізгі айырмашылық қандай?
A) Заттың құрамындағы судың мөлшері.
B) Заттағы қанттың минералдарға қатынасы.
C) Зат алынатын өсімдіктің түрі.
D) Затты өңдейтін аралардың түрі.
Дұрыс жауап: А.
56