Page 51 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 51
өтірік сөз көп, ол оларды білетін және жек көретін, мұндай
шығармаларды көбінесе егер қолдарынан келсе өздері де күнәға
бататын адамдар жазғанын білетін, бірақ ханым оның үстелінен
үш қадам жердегі үстелге отырған кезде, оның есіне жеңіл
жеңістер, тауға саяхат туралы шығармалар, жақын арада болатын
өткінші байланыс та, атын да тегін де білмейтін, беймәлім әйелмен
болатын роман кенеттен оның бойын баурап алды.
Ол шпицті өзіне мейірімділікпен тартты, иті өзіне жақындаған
кезде саусағын шошайтып сес көрсетті. Шпиц ырылдады. Гуров
қайтадан сес көрсетті.
Антон Чехов
1-тапсырма. Жағалауда жаңа пайда болған тұлға кім?
А) Дмитрий Гуров
Б) Ит жетектеген әйел
В) Ақ берет киген егде жастағы әйел
Г) Ой-өрісі таяз, жіңішке, көріксіз әйел
Д) Өрімдей сұлу жас қыз
Е) Орта жастағы тұрмыс құрған әйел
2 – тапсырма.
«Ал ол болса оны жасырын ой-өрісі таяз, жіңішке, көріксіз деп
есептейтін, одан қорқатын және үйде болғанды ұнатпайтын. Ол
оған баяғыдан опасыздық жасайтын, жиі опасыздық жасайтын,
сол себептен әйелдер туралы көбінесе нашар сөздер айтатын,
оның көзінше әйелдер туралы айтқан кезде ол әйелдерді - Төменгі
нәсіл!» - деп атайтын.
Осы үзіндідегі келтірілген пікір кімнің ойы? Мәтіннен осы ойға
қайшы келетін пікірді тауып, өз ойыңды дәлелде. Ол үшін мәтін
сюжетінің өрілуін байланыстырып тұрған сөйлемдерді тауып
өзара дамуын анықта.
3- тапсырма. Осы оқиға қалай аяқталады және осы іссапардан
кейін Дмитрий өзінің әйеліне не айтады деп ойлайсыз? Өз пікіріңді
аргументациялай отырып, дәлелде.
53