Page 50 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 50
Оның жасы әлі қырыққа жеткен жоқ, соған қарамастан оның
он екі жасар қызы және гимназияда оқитын екі ұлы бар болатын.
Оны екінші курстың студенті болып жүрген кезде ерте
үйлендірген еді, енді әйелі одан бірнеше жасқа үлкен сияқты
көрінеді. Бұл ұзын бойлы, қою қара қасты, тік мінезді, өзінше
маңғаз, келбетті және ол өзі айтқандай ойшыл әйел болатын. Ол
көп оқитын, күйеуін Дмитрий деп атаудың орнына Димитрий
дейтін. Ал ол болса оны жасырын ой-өрісі таяз, жіңішке, көріксіз
деп есептейтін, одан қорқатын және үйде болғанды ұнатпайтын.
Ол оған баяғыдан опасыздық жасайтын, жиі опасыздық жасайтын,
сол себептен әйелдер туралы көбінесе нашар сөздер айтатын, оның
көзінше әйелдер туралы айтқан кезде ол әйелдерді:
- Төменгі нәсіл! - деп атайтын.
Ол өзін әйелдерді қалай болса солай атау үшін жеткілікті ащы
тәжірибеге еті үйренген деп ойлайтын, дегенмен «төменгі
нәсілсіз» екі күн де өмір сүре алмайтын. Еркектердің ортасында
оған көңілсіз болатын, өзін жаман сезінетін, олармен
сөйлеспейтін, суық болатын, ал әйелдердің ортасында болған
кезде өзін еркін сезінетін және не туралы айту керек, өзін қалай
ұстау керектігін білетін; тіпті олардың арасында үндемей тұру да
оңайға соғатын. Оның ішкі дүниесінде, мінезінде, бүкіл
болмысында тартымды, қолға ұстатпайтын бір нәрсе болатын, сол
қасиеті әйелдерді баурап алып, өзіне қарай тартатын; бұл оны
білетін және оның өзін де бір күш оларға тартатын.
Бірнеше рет болған тәжірибесі, шын мәнісінде, ащы тәжірибе, оны
басында өміріңді жағымды жағына қарай өзгертіп, тартымды және
жеңіл оқиға сияқты көрінетін кез келген кездесу, тәртіпті
адамдардың, әсіресе мінездері ауыр, өздеріне сенімсіз
мәскеуліктердің ішінде төтенше күрделі тұтас бір міндетке дейін
өсіп кетеді және ең соңында жағдай өте ауыр болып кетеді. Бірақ
кез келген қызықты әйелмен жаңа кездесу кезінде бұл тәжірибе
оның жадысынан шығып кететін де, өмір сүргісі келіп кететін
және барлығы сондай қарапайым және қызық болып көрінетін.
Бір күні кешкілік ол бақта тамақтанып отырған, ал береттегі
ханым көрші үстелге отыру үшін асықпай жақындап келе жатты.
Оның түр-әлпеті, жүрісі, көйлегі, шаш үлгісі оған оның әдепті
ортадан шыққан, тұрмыс құрған әйел екендігін, Ялтада бірінші рет
әрі жалғыз, сонымен қоса оған бұл жерде көңілсіз екендігін айтып
тұрды. Жергілікті пейілдің таза еместігі туралы шығармаларда
52