Page 136 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 136
Тұрмыстағы химия. Күнделікті өмір сүру барысында әртүрлі
тұрмыстық-химиялық заттармен жұмыс істеуімізге тура келеді. Бір
қарағанда бәрі таныс сияқты. Шындығына келгенде барлығы олай
емес. Заманауи тұрмыстық химияның сан алуан түрлері бар және
олар қолдануына, құрамына, агрегаттық күйіне және сыртқы түрін е
қарай жіктеледі (63-сурет).
Тұрмысты қ химия агрегатты қ күйіне қарай – сұйық, қатты, гел тәрізд і
және аэрозольді деп бөлінеді. Осыларға мысал келтіріңдер және олар
қалай қапталады?
Олардың қолданылу аясына байланысты неден бастасақ бо-
лады? Танысуды – көзге бірінш і көрінетін қорабынан бастау ке-
рек. Ол жерде неге арналғаны, не үшін қажет, қалай қолдан уы,
химиялық құрамы туралы қысқаша керекті мәліметтер беріледі.