Page 133 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 133

Кеңес: мүмкіндігінше  химиялық  жолмен  өңделмеген  мақта  мата
              киімін  алыңдар  және  ақ  түсін  алуға  тырысыңдар.  Ақ  түстер
              химиялық  жолмен  көп  өңделмейді.  Сонымен  бірге  бірінші  жуған н ан
              кейін  бояуы  оңып  кетпейді.
                  Синтетикалық  мата  –  заманауи  технологияның  даму  қарқы -
             ны  өте  жоғары  болғандықтан,  жыл  сайын  жаңа  матадан  (вискоза,
             акрила  және  т.б)  жасалған  киімдер  көбеюде.
                  Вискоза  –  ағаш  целлюлозасынан  химиялық  жолмен  алынады.
             Табиғи  материалға  ұқсас  –  аллергияға  қарсы  қасиеті  бар,  ауан ы
             жақсы  өткізеді,  сапасы  жоғары  болып  келеді.  Кемшілігі  –  тез  оңып
             кетеді,  тез  жыртылады,  тез  жиырылып  қалады.
                  Кеңес: қазіргі  кезде  табиғи  және  синтетикалық  маталарды  қосу/
             араластыру  арқылы  аралас  мата  өндіру  қолданылуда.  Бұл  матаға
             екеуінің  ең  жақсы  қасиеттері  алынған.






















                              62-сурет.  Өнімнің  таңбалануы  (маркировкасы)

            Киім  алу  кезінде  оның  таңбасына  мән  берулерің  керек  (62-с у -
        рет).

                 62-суретке  қарай  отырып,  таңбалардан  қандай  қажетті  деректерді  алуға
                 болады?  Киім  қандай  матадан  тоқылғандығын  анықтаңдар.  Оған  қандай
                 күтім  жасап  тұру  керек?
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138