Page 131 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 131

Күнделікті  тұрмыста  және  техникада  жыл  сайын  жасан ды
             материалдардың  түрлері  пайда  болуда.  Сондықтан  да  қазіргі  кезең-
             ді  жасанды  материалдар  (әсіресе  полимер  (пластмасса))  ғасыры
             деп  атасақ,  қателеспейміз.

                      Кеңінен  қолданысқа  ие  жасанды  материалдардың  бірі  –  нейлон.  Ода н
                      киім-кеш ек,  кілемн ің  түрлері,  теннис  ракеткасы,  балық  аулайты н  тор
                      және  басқа  заттар  алынады.  Нейлон  алғаш  рет  1938  жылы  (АҚШ)
                      алынды.  Оны  Нью-Йорк  және  Лондон  қалаларының  ғалымдары  ойла п
                      тапқан  болаты н.  Атауы  осы  қалалардың  бас  әріптерінен  құралған  Ny
                      және  Lon.












                  Табиғи  және  жасанды  материалдардың  артықшылығы  мен
             кемшілігі.  Әртүрлі  материалдың  өзіне  тән  әртүрлі  қасиеті  болады.

                  Мысалы,  ағаш  әртүрлі  жиһаз  жасауға  қолайлы  болғанымен,  одан
             автомобиль  жасай  алмаймыз.
                  Барлық  табиғи  материалдар  күнделікті  өмірде  өте  қажет.  Соным е н
             бірге  ғалымдардың  ойлап  шығарған  жасанды  материалдары  да өте  қажет
             нәрсе  (61-сурет).  Жасанды  заттардың  тиімділігі,  оған  қажетті  деген
             қасиетті  бере  алуымызда.
   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136