Page 129 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 129
2-тапсырма. Тапсырма жұптасып орындалады. Екінші тәжірибе
«Кока-кола», «Фанта» сусындарымен жүргізіледі.
Тәжірибенің орындалуы:
1. Жұмыртқаның қабығын бірнеше бөлікке бөліңдер.
2. Зертханалық ыдыстарға жұмыртқаның қабықтарын бөліп
салыңдар.
3. Бір ыдысқа «Кока-кола», екінш і ыдысқа «Фанта» сусынын
құйыңдар.
4. Реакцияға бақылау жасап, қорытындыны дәптерге жазып
отырыңдар.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Газды сусындар адам ағзасына қандай залал келтіреді?
2. Газды сусындарды тұрақты ішіп тұру ішек-қары н жолын ың, бүй-
ректің зақымдануына алып келіп, аллергияны туғызады деген тұжы -
рым дұрыс па? Жауаптарыңды талқылап , бағалаңдар.