Page 125 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 125
57-сурет. Бейтараптану реакциясыны ң жүруін
индикатордың көмегімен анықтау
Қандай индикаторларды білетіндеріңді еске түсіріңдер. Оны қайда
қолданады? Мысал келтіріңдер.
Бейтарапт ану реакциясы – негіздік және қышқылд ық
гидроксидтердің маңызды химиялық қасиеттері олардың өзара
әрекеттесіп, тұздар түзуі. Мұны тұз түзілетін реакция деп те атай-
ды. Бейтараптану әдісі асқазан сөліндегі қышқылдың мөлшерін
анықтау үшін клиникалық зертханада (лабораторияда) қолдан ады.
Фармакологияда бейорганикалық қышқылдың (тұз, күкірт, бор)
және органикалық қышқылдың (сірке, шарап, лимон, салиц и л)
мөлшеріне анализ жасағанда қолданады.
Бейтараптану реакциясы үдерісінде титрлеу әдісі кең ін ен
қолданылады – реакция аяқталғанша титрленген ерітіндіні там-
шылап қосып отыру.
Бейтараптану реакциясын пайдалану. Бейтараптану әдісі –
әртүрлі саланың зертханаларында кеңінен қолданылатын ана-
лиздің бір түрі. Бұл әдіс қоршаған ортаның жағдайына бақылау
жасау кезінде және дәрілік препараттарға анализ жасаған кезде
медицинада, экологияда, санитарлық-гигиенада қолданылады.
Сонымен бірге кәріз жүйелеріндегі ақаба сулар, тұз және әртүрлі
ауыр металдардың жиналуын және тотығу деңгейін анықтау үшін
де қолданады.