Page 153 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 153
Пайдалы қазбаларды өндіру және қоршаған орта. Жер
қойнауындағы пайдалы қазбалар әртүрлі тереңдікте орналасады.
Пайдалы қазбалар – химиялық құрамы мен физикалық қаси е т-
тері, материалдық өндіріс саласында тиімді пайдалануға мүмкін дік
беретін жер қыртысындағы минералды қосылыстар.
Пайдалы қазбалардың біреуі жер бетіне жақын орналасса, екін-
шісі өте тереңде болады. Олар әртүрлі әдістер арқылы өндірі леді
және қоршаған ортаға әсерін тигізеді. Әсер ету деңгейі қазбан ың
қандай түрін өндіруге және қандай әдіспен өндірілгеніне тікелей
байланысты (70-сурет).