Page 148 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 148
Сарамандық жұмыс
Кескін картаға Қазақстанның пайдалы қазбаларының
негізгі кен орындарын түсіру
Мақсаты: Кескін картадан Қазақстанның пайдалы қазбаларын ы ң
негізгі кен орындарын көрсету. Кескін карталармен сараман д ық
жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
ресурстар: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, атлас,
кескін карта, сызғыш, түрлі түсті қарындаштар.
Жұмыс барысы:
1-тапсырма. Жұптық жұмыс.
1. Картадан ең ірі пайдалы қазбалар кен орындарын тауып ,
оларды кескін картаға түсіру (көмір кен орындары: Қараған ды,
Екібастұз көмір алаптары; мұнай кен орындары: Қашаған, Тең із,
Құмкөл; газ кен орындары: Қарашығанақ, Жаңажол; темір кен
орындары: Қашар, Соколов-Сарыбай және т.б.; түсті металл кен
орындары: Жезді, Қоңырат, Ащысай, Васильков(Алтынтау) және
т.б.). Кен орындарының атауын картаға жазыңдар.
2. Орындалған жұмысқа сәйкес картаның төменгі жағын а
пайдалы қазбаларды шартты белгісімен түсір.
2-тапсырма. Топқа бөлініңдер. Қазақстан аумағы/ай м ағ ы
бойынша пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықта рын а
тоқталып, қорытынды жасаңдар. Орындалған жұмысты
талқылаңдар және бағалаңдар.