Page 145 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 145

Қазақстандағы  пайдалы  қазбалар  кен  орындарының  орнала -
             суы. Минералды  ресурстардың  таралуы  геологиялық  заңдылыққа
             сүйенеді  (67-сурет).  Шөгінді  пайдалы  қазбалар    (көмір,   мұнай,  газ,
             әктас,  фосфорит  және  т.б.)  жазықтарда  және  олардың  шеткі
             майысқан  аймақтарында,  тау  алдындағы  төмен  майысқан  жер-
             лерде  кездеседі.  Кенді  (магмалық)  пайдалы  қазбалар  (темір,  мыс,
             алюминий,  алтын  және  т.б.)  –  қатпарлы  облыстарда,                 ежелгі
             жыныстардың  жер  бетіне  жақын  орналасқан  жерлерінде  кездесед і.
             Мәрмәр,  тақтатас  және  т.б.  метаморфты  тау  жыныстары  тау-
             лы  аймақтарда  тараған.












                 Жазықтарға  және           Тауда  және  жазықта                Таулы
               оның  шеткі  майысқан             кездеседі                   ауданға  тән
                   жерлеріне  тән



                           67-сурет.  Пайдалы  қазбалардың  орналасу  заңдылығы

                  Пайдалы  қазбалар  алабының  және  кен  орнының  қайда  орна-
             ласқандығын  білу  үшін,  пайдалы  қазбалардың  кен  орындары  кар-
             тасын  пайдаланамыз.  Картада  кен  орындары  мен  алаптары  шартты
             белгімен  берілген  (атластағы  пайдалы  қазбалар  картасын  қараңдар).
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150