Page 146 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 146
Атластағы пайдалы қазбалар картасы н пайдаланы п, кескін карта ғ а
еліміздегі пайдалы қазбаның негізгі кен орындары мен алапта р ы н
түсірің дер. Олардың орналасу ерекшеліктерін анықтаң дар. Жазықт а ,
Каспий теңізі жағалауында және таулы жерлерде кездесетін пайда лы
қазбаның түрлерін атап шығыңдар. Осылардың қайсысы өздерің тұра -
тын облыста немесе ауданда орналасқан? Ел экономикасы нда оларды
қалай пайдалануда?
Мемлекеттің экономикасындағы пайдалы қазбалардың рөлі.
Қазақстан – алуан түрлі пайдалы қазбаларға бай мемлекеттердің
бірі. Жер қойнауымызда 100-ден астам химиялық элементтердің
бар екені анықталды. Кейбір пайдалы қазбалардың қоры жағын ан
дүниежүзіндегі алдыңғы мемлекеттердің біріміз.
Анықтамаларды және интернет ресурстары н пайдаланып, Қазақс та н
қандай пайдалы қазбалардың қоры жағынан дүниежүзінде алды ң ғы
орындарда екенін анықтаңдар. Пайдалы қазбалар еліміздің эконо -
микасында қандай рөл атқаратындығын ойланып біліп алыңдар.
Пайдалы қазбаларды өңдеу орталықтарының алуан түрлі бо-
лып келуі мемлекетімізде халық тұтынатын тауарлардың көптеген
түрлерін шығаруға мүмкіндік береді.
Анықтамаларды және интернет ресурстарын пайдаланып, мұнай ды ң
қандай салаларда қолданатындығы туралы постер құрастыры ңдар.
Жердің қойнауы алуан түрлі және үлкен, оның әлі зертте лме -
ген тұстары мен адамзат әлі күнге дейін пайдаланбаған ресурста ры
баршылық. Табиғи ресурстарды болашақта да пайдаланғымыз кел-
се, оны осы күннен бастап тиімді қолдануымыз керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жер қойнауы, пайдалы қазба, табиғат ресурсы ұғымдарына анықта м а
беріңдер.
2. Пайдалы қазбалар шығу тегіне қарай неше топқа бөлінеді?
3. Төмендегі жоспарды пайдаланып, өздерің тұраты н аймақты ң таби ғи
ресурстары кестесін құрастырыңдар.