Page 142 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 142
Тұрмыстық химия өнімдерін пайдаланудағы қауіпсіздік
ережелері. Денсаулығымыз, көңіл күйіміз қалыпты жағдайда бол-
сын десеңіз, қауіпсіздік ережелерін ұстанғанымыз жөн. Солардың
бірнешеуін қарастырып өтейік.
1. Барлық препаратты қолданыс аясына сәйкес, нұсқаулықтағы
пайдалану жолдарын бұлжытпай орындау керек.
2. Препараттарды тек қана арнайы сатуғ а
құқығы бар сауда орындарынан және қорабын д а
этикеткасы барын алу керек.
3. Кез келген тұрмыстық химия өнімдерін
тағамдық өнімдерден алыс және кішкен тай
балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек.
4. Қауіпті химиялық препараттармен (қышқылдар, сілтіл ер
және т.б.) жұмыс істегенде көзге арнайы көзілдірік және қолға ре-
зеңке қолғап кию керек.
Қоздырғыш Зиян Улы Қоршаған ортаға зиян
5. Сұйық химиялық өнімдерді міндетті түрде құйғыш (ворон-
ка) арқылы құю, сусымалы заттарды – қасықпен салу керек. Осы
кезде көздеріңді, тыныс алу мүшелеріңді шашыраған шаң н ан
қорғауларың керек. Қолданған ыдыстарыңды жақсылап жуып-
шайып, кептіріп, арнайы химиялық препарат тұратын сөреге жи-
нап қойыңдар.
6. Химиялық заттар тұрған ыдысты иіскеуге және оған қатты
еңкеюге болмайды.
7. Интекцидтермен (улы заттар) жұмыс істегенде арнай ы
көзілдірік, респиратор, резеңке қолғап болу керек.
8. Химиялық препараттан босаған қораптар мен ыдыста рда
тамақ өнімдерін сақтауға болмайды.