Page 144 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 144
Жер қойнауы дегеніміз не? Қойнау – құрамында пайдал ы
қазбалар орналасқан (қатты, сұйық және газтәрізді), топырақ
қабатымен су айдындарының табанынан төмен жатқан жер
қыртысының бір бөлігі. Жер және оның қойнауы, су, орман және
басқа байлықтары мемлекеттің меншігі және ұлттық байлық бо-
лып есептелінеді. Аталған табиғи ресурстарды адамдар өзін ің
шаруашылық игілігіне пайдаланады. Табиғи ресурс – адамда рдың
пайдаланатын табиғат компоненттері.
Табиғи ресурстарды игеруіміз және болашақта тиімді пайдаға
жаратуымыз – мемлекетіміздің даму болашағына өзіндік ықпалын
тигізеді.