Page 158 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 158
Таулардың пайда болуы Үгілу Зат айналымы
Горообразование Выветривание Круговорот веществ
Orogenesis Aeration Cycle of mater
Таудың пайда болуы. Планетамыздың жер бедері алуан түрлі.
Жер бедері жүздеген миллион жылдар бойы қалыптасты және әлі
де қалыптасу үстінде. Таулардың орнында жазықтар, ал жазық-
тардың орнында таулар болды деген пікір дұрыс па? Бұл сұраққа
таулардың пайда болуын зерттейтін тектоника және тарихи геоло- гия
ғылымдары жауап береді. Таулардың пайда болуы (ороген ез)
Материктік тақталардың бір – бірімен соқтығысқан жерінде түзіледі.
Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қандай таулар қоршап жатқа н ы н
естеріңе түсіріңдер. Сендер тұраты н жерлеріңде тау жоталары бар ма?
Бар болса, атын атаңдар.