Page 163 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 163
Арнайы шыны түтікке немесе стақанға ас содасының ұнтағын
саламыз (шай қасықтың 1/4 бөлігі), оның үстіне 3–4 мл 9%-
ды сірке қышқылының ерітіндісін (алма сірке қышқылы да
болады) құямыз. Сонда соданың көпіршіктенгенін және газ
көпіршіктерінің жарылып жатқанын байқаймыз. Бұл газдың
бөлініп шығуы. Яғни көмірқышқыл газы. Оны дәлелдеу
үшін абайлап, стақанның ішіне сіріңкенің жанып тұрған
шырпысын жақындатамыз. Ол тез арада сөніп қалад ы,
себебі көмірқышқыл газы жануды қолдамайды. Жүргізген
тәжірибе арқылы жаңа заттың – көмірқышқыл газын ың
(СО ) пайда болғанын көрдік.
2
77-сурет. Ас содасын еріту
Химиялық жолмен айналу үнемі және барлық жерде болып
тұрады. Бұл жерде заттың өзіне тән химиялық қасиеті өзгеріп, бір
зат екінші затқа айналып басқа қасиетке ие болады.
Химиялық айналу химиялық реакцияның әсерінен іске асады
(78-сурет).