Page 167 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 167

1674  жылы  голландиялық  ғалым  Антоний  ван  Левенгук  микро-
             скоптың  көмегімен,  су  тамшысынан  бірінші  рет  бір  жасуш а лы
             ағзаларды  (кебізше,  амеба,  бактерия)  көреді.
                  1831  жылы  ағылшын  ботанигі  Роберт  Браун  бірінші  рет   өсімд ік
             жасушасындағы          ядроны      сипаттап      және     ядроның      өсімдік
             жасушасындағы  маңызды  органоид  екендігін  анықтады.
                  1838  жылы  неміс  ботанигі  Матиас  Шлейден  өсімдік  ұлпалары
             жасушадан  құрылған  деген  қорытындыға  келді.  1839  жылы  неміс
             зоологы  Теодор  Шванн  жасуша  туралы  білімді  жетілдіріп,  жа-
             нуарлар  ұлпасының  да  жасушадан  құрылғанын  дәлелдеді.  Неміс
             ғалымдары  жасуша  теориясының  негізін  қалап:  жасушалар  барлық
             тірі  ағзаның  құрылымдық  және  функционалды  бірлігі,   жануар   мен
             өсімдік  жасушаларының  құрылымы  бір-біріне  ұқсас  болатын-
             дығын  тұжырымдады.
                  Жасуша құрылымының компоненттері. Жасуш аны  ары қарай
             жетілдірілген  микроскоп  арқылы  зерттеу  барысында  көптеген  тірі
             жасушаның  үш  бөліктен  тұратындығы  анықталды:  ядро,  цито­
             плазма  және  жасуша  қабықшасы  (80-сурет).


                                                                               Цитоплазма






                                                                              Қабықша



                   80-сурет.  Жасушаны ң  негізгі  бөліктері  (цитоплазма,  ядро,  қабықша)
   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172