Page 170 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 170
Ағзалардың көбеюі. Табиғатқа бақылау жасай жүріп, өсімді ктер
тұқымнан өсетінін, балапан жұмыртқаны жарып шығатынын, біз
анамыздан туатынымызды білеміз. Бірақ бәрі бір жасуш адан
басталатындығын, барлығымыз бірдей біле бермейміз. Біз туған ш а
не болды? Неге біз өсеміз және біртіндеп салмақ қосамыз? Бұл
сұрақтардың жауабын тірі ағзалардың көбею және өсу үдерісін
оқып-үйренген кезде білетін боламыз.
Тірі ағзалардың өзіне ұқсас тіршілік иелерін пайда етуін көбею
дейміз. Барлық тірі ағзалар бактериядан бастап сүтқоректілерг е
дейін көбеюге қабілетті. Ағзалар екі түрлі жолмен көбейеді: жыныс-