Page 173 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 173
Не себепті тоңазы тқыш сөресінде тұрған жұмыртқадан балапан пайда
болмайды? Тауық жұмыртқасындағы жасуша бөліну үшін қанда й
жағдай керек деп ойлайсы ңдар?
Тірі ағзалардың өсуі. Жарық көзіне шыққан соң барлық тірі
ағза өсуі қажет. Өсу дегеніміз ағза өлшемінің ұлғаюы. Өлшемн ің
және салмақтың ұлғаюы, жасушаның ұдайы бөлінуінен болады.
Ересек адам ағзасында жасушаның саны шамамен –
100.000.000.000.000 (жүз триллион).
Адам туған күннен бастап, өсуі мен дамуы белгілі бір уақы тқа
дейін тепе-теңдікті сақтайды. Дененің өлшемі, терінің түсі және
басқалары генге байланысты. Жануарлар денесі тоқтаусыз өсе
бермейді. Бұл үдеріс көбінесе сүткоректілерге, құстарға,
қосмекенділерге және кейбір рептилияға тән. Мысалы, қолтыр ауын
(крокодил) өмір бойы өсе береді. Оның қаншалықты өсуі
айналасындағы қауіп-қатерге байланысты. Өсімдіктер де өмір бойы
өсе береді. Жасанды жолмен өсірілген өсімдіктердің өсуін кейбір
жағдайда адамдар тежеп отырады.
86-сурет. Жапон бамбугі мадаке 87-сурет. Секвой ядендрон