Page 172 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 172

Жыныссыз  көбеюдің  ең қарапайым  түрі  – бөліну  (84-сурет).  Бұл
        –  амеба,  кебізше,  жасыл  эвглена  сияқты  қарапайымдыларға  тән
        құбылыс.












                     84-сурет.  Кебізшенің  жыныссыз  бөліну  арқылы  көбеюі

                 Кебізш енің  көбеюі  туралы  суретке  зер  сала  отырып,  бөліну  қалай  жүре-
                 тіндігін  түсіндіріп  беріңдер.  Ойлан ыңдар  және  талқылаң дар.  Кебізш е н і
                 қай  жерден  көруге  болады?

            Жынысты  көбею.  Жынысты  жолмен  көбеюге  аталығы  да,
        аналығы  да  қатынасады.  Жаңа  ағзаның  пайда  болуына  көбін есе
        ерекш е  жасуша  (гамета  – жынысжасушасы)  әсер  етеді.  Олар  аталық
        және  аналық  жасуша  болады.  Осылардың  әрекеттесу  нәтижесін де
        ұрықтанып  зигота  (ұрықтанған  жасуша)  пайда  болады.  Зигота
        бірнеше  рет  бөлінеді.  Нәтижесінде  көпжасуш алы  өсімдіктің,
        жануардың,  адамның  ұрығы  пайда  бола-  ды.  Ұрық  біртін деп
        үлкейіп,  өзінің  иесіне  ұқсай  бастайды.  Жануар-  лар  ұрықтарын ың
        дамуының  ұзақтығы  әртүрлі  (85-сурет).  Мыса-  лы,  біздің  дүни еге
        келуіміз  үшін  9  ай  уақыт  кетті.

















                 85-сурет.  Жұмыртқадан  балапан  шығуы  үшін  21  тәулік  қажет
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177