Page 165 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 165

Келесі  мысалға  көмірдің  жануын  алайық.  Бұл  жерде  оттегі  ато-
             мы  мен  көмірдің  құрамындағы  көміртегінің  (С)  атомы  реакц и яға
             түседі.  Нәтижесінде  көмірқышқыл  газының  молекуласы  пайда  бо-
             лады.  Егер  де  оның  үстін  ауа  кірмейтіндей  етіп  қымтап  тастасаң дар,
             жанып  жатқан  көмір  өшіп  қалады.
                  Ағаш  (қатты  зат)  жанған  кезде  көміртегі  газы,  су  (сұйық)  және
             көміртегі  (қатты  зат)  пайда  болады  (79-сурет).


















                          79-сурет.  Ағаш  жанған  кездегі  заттардың  пайда  болуы

                      Орман  немесе  дала  жанған  кезде  көмірқыш қы л  газы  қоршаған  ортаға
                      қандай  зиян  тигізеді?  Табиғи  өрттерді  қалай  болдырмауға  болады ?
                      Табиғатта  от  жағуды ң  ережесін  жазыңдар.  Орындаған  жұмыстары ң д ы
                      талқылап,  бағалаң дар.

                  Табиғаттағы  химиялық  жолмен  айналуға  жататындар:  атмос -
             ферадағы  озонның  түзілуі,  органикалық  қалдықтардың  шіруін ен
             метанның  түзілуі,  фотосинтездің  жүруі  және  т.б.


                      Сұрақтар  мен тапсырмалар
                      1.  Химиялық  реакцияның  белгілерін  қандай  жағдайда  көруге  және
                      бақылауға  болады?
                      2. Химиялық  жолмен  айналудың  физикалы қ  айналудан  қандай  айыр -
                      машылы ғы  бар?
                      3.  Заттың  бір  түрден  екінші  түрге  айналуын,  зат  айналымыны ң  бір
                      мысалы  ретінде  алуға  бола  ма?  Жауаптарыңды   түсіндірің дер.
   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170