Page 160 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 160

Мысал  ретінде  Сарыарқаны  (Қазақтың  ұсақ  шоқысы)  алсақ
             болады.  Сарыарқа  өте  ежелде  пайда  болған,  таудың  бұзылған  ор-
             нында  қалған  ұсақ  шоқылы,  аласа  таулы  және  қыратты  жер.  Ала-  са
             таулы  бөлігінің  көлдерінде  немесе  көл  жағалауында  жаңбыр,
             желдің  үгу  әсерінен  пайда  болған  табиғаттың  ерекше  көріністерін
             көруге  болады  – «Түйе»,  «Жеке  батыр»,  «Сфинкс»,  «Жұмбақтас»,
             «Бүркіт»,  «Оқжетпес»  және  т.б.

                      Судың  басқа  да  бұзу  әрекетін  айтып  беріңдер.  Оның  қандай  түрі  сенде р
                      тұратын  жерлерің де  кездеседі.  Ол  туралы  нені  білу  керек?

                  Табиғаттағы зат айналымы. Зат айналымы  – Жердің ең маңызды
             қасиеттерінің  бірі.  Ол  экожүйе  компоненттерінің  тұрақтылығын
             және  өміршеңдігін  қамтамасыз  етеді.  Зат  айналымы  –  атмосф ера,
             гидросфера,  литосфера  және  тірі  ағзалар  арасындағы  заттардың  цир­
             куляциясы.  76-суретте  үлкен  және  кіші  су  айналымы  көрсетілген.




























                                          76-сурет.  Су  айналымы

                      Өз  беттеріңш е  «Тамшыны ң  саяхаты»  атты  әңгіме  құрастырың д а р.
                      Дәптерлеріңе   су  айналымы ның    реттілігі   сызбасын   жасаңдар.   Су
                      айналымыны ң  маңызы  неде?  Орындаған  жұмыстарыңды  талқы ла ң д ар
                      және  бағалаң дар.
   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165