Page 164 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 164
78-сурет. Химиялы қ реакцияны ң белгілері
Заттардың бір түрден екінші түрге табиғаттағы айналымы.
Химиялық жолмен түрдің ауысуы алуан түрлі, оны жіктеу мен
химия ғылымы айналысады. Біз шегенің тот басқанын талай рет
көрдік. Темір ауадағы оттегімен әрекеттесіп, шегенің үстінде тот
қабаты түзіледі (темір оксиді). Уақыт өте шеге пайдалануға жарам-
сыз болып қалады.
Адам ағзасы үшін темірдің оттегімен әрекеттесуі өте маңызды рөл
атқарады. Темір атомы (Fe) – адамны ң қан құрамын дағы заттың бірі.
Адамның өкпесін е оттегі тыныс алу арқылы келеді. Оттегі атомымен (О)
әрекеттескен темір атомы бүкіл денеге оттегіні тасымалдайды. Осы ла й
адамны ң мүшелері өзіне қажетті оттегін қабылдайды.
Химиялық жолмен айналу барлық ағзада жүретін ү д е р і с .
Алма алғашқы кезде қышқыл, жасыл түсті болады, кейін қызыл-
сарғыш, дәмді алмаға айналады. Алма дәмінің өзгеруі хими я лық
реакцияның нәтижесінде болды. Химиялық айналымды заттың
сыртқы түсінің өзгеруінен байқауға болады. Мысалы, алманы екіге
бөліп 3–4 сағатқа қалдырып, қайтып келсеңдер кесілген жердің қою
қоңыр түске айнала бастағанын көресіңдер. Не себепті бұлай
болды? Яғни оның жауабы, алманың құрамындағы темірді ауадағы
оттегі тотықтырады.