Page 226 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 226
Қатты дененің қысымы. Барлық денелер бір-бірімен жанасқан
жағдайда бір-біріне күш немесе қысым түсіреді. Не себепті үшкір
заттар – ине немесе пышақ, жыртқыш тардың тырнақтары өткір
және жақсы жыртады. Дененің бетіне түскен күш, күш түсіретін
дененің үлкендігі, бағыты, әсер ететін нүктесімен бірге, күш түскен
дене тірегінің ауданына да байланысты.
Не себепті шаңғы шы қарға кіріп кетпейді? Себебі шаңғы ш ы н ы ң
салмағы, шаңғы түскен жердегі қардың ауданына бірдей салмақ түсір іп
тұр. Шаңғыны ң ауданы аяқкиімнің ауданы на қарағанда үлке н.
Сондықтан да шаңғыны ң қарға әсері аз. Егер де ол шаңғы ны таста п ,
жаяу жүрген болса, қарға батып қалған болар еді (125-сурет).
125-сурет. Қатты дененің қысымы
Қалай ойлайсың дар, шаңғыш ыларды ң салмағы бірдей ме? Шаңғыш ы л ар
қарға бірдей салмақ түсірді ме? Не себепті нәтиж есі бірдей емес?
Сұйықтың қысымы.
Түбі жоқ шыны түтік аламыз. Бір жағын ашық қалдырамыз, екін ш і
жағын резеңке үлдірмен (пленка) жауып байлап қоямыз. Үлдір шыны
түтіктің төменгі жағымен бірдей деңгейде екенін суретте көріп
тұрсыңдар. Түтікке кішкене су құйсақ, үлдірдің төмен майысқа н ы н
көреміз (126-сурет).