Page 256 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 256
150-сурет. Өсімдіктер дүниесінің пайда болу сатысы
аралықта, өсімдіктер дүниесі әртүрлі күрделі түрленуден өтіп,
қазіргі алуан түрлі флораны қалыптастырды (150-сурет).
Топқа бөлінің дер. Өздерің тұраты н жердегі бірнеш е өсімдік ті ң
атауын жазыңдар (балдырлар, қыналар, папоротни к тәрізділе р ,
шөп, бұта, ағаш).
Өсімдіктердің түрін анықтағанда, оның ботаникалық ерек-
шелігін қалай сипаттайды. Барлық өсімдіктердің өзіне тән ерек-
шелігі болады (биіктігі, жапырағының құрылымы, тамырының түрі,
пішіні және гүлденуі, жемісінің құрылысы және т.б.). Осы
ерекш еліктеріне қарай отырып өсімдіктің түрін, оның қандай топқа
жататындығын анықтайды.
Мысал ретінде жантаққа сипаттама береміз. Жантақ – тікен екті
жартылай бұта, арасында сирек де болса шөптесін түрлері кездесіп
қалады. Тамыры өте тереңге жетеді. Биіктігі 1 метрге жуық.
Сабақтары қатты бұтақтанып, төменгі жағы ағаштанып кетед і.
Жапырағы сопақш а немесе жұмырлау. Бұтақтарынан түрі өзгер ген
өскіндері – тікенектер шығып тұрады. Кейбір жантақтардың тіке-
нектерінде 3–8 қызғылт немесе қызыл гүлдері болады (151-сурет).