Page 257 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 257
151-сурет. Жантақ (жемісі, бұтағы, гүлі, тамыры)
Жантақ қандай ерекшелігіне байланысты ыстық климатты және су же-
тіспейтін аймақтарда өсуге бейімделген. Қазақстан ның қандай аймақ-
тарында өседі?
Бұршақтың жемісі – біртұтас ұзындау және ағаш сияқты қатты,
біршама қисықтау. Дәні бүйрекке ұқсайды. Мамырдан бас- тап
күздің аяғына дейін гүлдеп тұрады. Жемісі шілдеден бастап пісе
бастайды.
Өсімдіктер қалай топтастырылады (классификациялана-
ды)? Қазіргі кезде өсімдіктердің 350 мыңнан астам түрі ғылым ға
белгілі. Әлі де ғалымдар ғылымға белгісіз жаңа түрлерін табуда.
Қазақстанда жоғары сатылы өсімдіктердің 6000-нан астам түрі бар.
Осыншама өсімдіктерді оқып, зерттеу үшін оларды әртүрлі
топтарға бөледі. Топтастырумен систематика ғылымы айналы-
сады. Систематик-ғалымдар оларды зерттейді, сипаттайды және
айырмаш ылығы мен ұқсастығын анықтап, өсімдіктерге жеке атау
береді.
Ежелгі грек оқымыстысы және философы Аристотель өсімдікте р ді
жансыз заттар мен жануарлар арасындағы аралық түрге жатқы зды .
Себебі өсімдік тірі ағза болғанымен, жануарлар сияқты өз беттері н ш е
қозғала алмайды деді.