Page 260 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 260
Жануарлар патшалығы. Жануарлар патшалығының құра-
мына тіршілігі және сыртқы пішіні алуан түрлі болып келетін тірі
ағзалар жатады. Қазіргі таңда жануарлардың 2 миллионнан астам
түрі белгілі. Олар Жер шарының барлық жерінде тіршілік етеді.
Қазақстанның жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Еліміз де
омыртқалы жануарлардың 835 түрі кездеседі. Аңдардың 178,
құстардың 500, бауырмен жорғалауш ылардың 49, қосмекенділердің
12, балықтың 104 түрі мекендейді.
Жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысы, өлшемі, өмір сүруі
деңгейі бір-біріне ұқсамайды. Ғалымдар жануарлардың жаңа
түрлерін ашумен бірге оларды жан-жақты зерттеп, іс-қимы лын а
сәйкес аттарын қойып отырған. Алғашында оны ашқан зоологтың
өз тілінде аталды. Кейінірек атауларды ретке келтіру және қандай