Page 264 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 264

Сарамандық жұмыс
                            Тақырыбы:  Мектеп ауласындағы  өсімдіктер
                                     түрлерінің  құрамын  анықтау

                  Масаты: Оқушыларды  мектеп  ауласындағы  өсімдіктер  түрле-
             рінің  құрамын  анықтауға  үйрету,  экологиялық  мәдениетті  дамыту
             және  сарамандық  жұмыстарды  орындауға  дағдыландыру.
                  Құрал-жабдықтар: өсімдік  түрлерін  анықтайтын  арнайы  кітап ,
             қазықша,  шпагат  жіп,  өлшегіш  лента.

                                            Жұмыс барысы:

                      1-тапсырма. Топқа  бөлініңдер.  Мектеп  ауласындағы  ағаш,
                      бұта  түрлерінің  құрамын  анықтаңдар.
                  2-тапсырма.  Мектеп  ауласынан  (1   1 м) болатын  жерді  таңдап
             алыңдар.  Шөптесін  өсімдіктердің  түрлерін  анықтаңдар.  Қанша   түр
             бар  екендігін  санап  шығыңдар.  Өсімдік  түрлерінің  сыртқы  келбетін
             сипаттаңдар.
                  3-тапсырма.  Жасанды  гүлзарлар  болса,  олардың  түрін  және
             сұрпын  анықтаңдар.
                                           Нәтижесін  өңдеу:
                  1. Мектеп  ауласындағы  өсімдік  жамылғысының  көптүрлілігін е
             қорытынды  жасаңдар.
                  2. Мектеп  ауласындағы  ағаштар  мен  бұталардың  қайсысын ы ң
             шаңжинағыш,          дыбысжұтқыш,         фитонцидті,       желденқорғағ ыш
             қасиеті  бар  екендігін  анықтаңдар.
                  3. Мектеп  ауласын  көгалдандыруға  өзіңнің  нақты  ұсынысың ды
             жаз.  Орындаған  жұмыстарыңды  талқылаңдар  және  бағалаңдар.
   259   260   261   262   263   264   265   266   267   268   269