Page 265 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 265
§53. БИОГЕОГРАФИЯ – АҒЗАЛАР МЕН
БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖЕР БЕТІНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСУЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ
Ареал
дегеніміз
не?
Биогеогра- Қазақстанның
фияның эндемиктері
рөлін
сипаттау
Биогеография – ағзалар мен бірлестіктердің Жер бетін е
географиялық таралуы және орналасуы туралы ғылым. Биогеог ра-
фия зоогеография (жануарлар географиясы) және фитогеограф и я
(өсімдіктер географиясы) деп екіге бөлінеді (155-сурет).
Биогеографияда салыстырмалы-география және картография-
лық әдіс маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге жануарлар мен
өсімдіктердің биологиялық қасиетін және экологиясын білу керек.
Флора, фауна, ареал (таралу аймағы). Түрлердің саны фауналық
және флоралық көптүрлілігімен сипатталады (түрлердің байлығы).
Түрлердің байлығы туыс, тұқымдастық және т.б. жіктелуімен де
анықталады. Белгілі бір жердегі өсімдіктер түрлерінің жиынтығын