Page 270 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 270
Көптеген түрлер табиғатта популяциядан тыс жеке өмір сүре
алмайды, популяция да оларсыз дами алмайды. Табиғатта әртүрлі
популяциялар бірлестікке немесе биогеоценозға бірігеді.
Биогеоценоз ұғымына кез келген экожүйені жатқызуға бо- лады.
Биогеоценозға – тек сол жерде тұрақты тіршілік ететін түрлерден
басқа, сол жерде белгілі бір уақытын өткізетін түрлерін де
жатқызамыз. Мысалы, маса дернәсіл кезінде суқоймалары н да
тіршілік етсе, үлкейгенде құрлықта тіршілігін жалғастырады. Кез
келген биогеоценозды (экожүйе) сипаттағанда екі түрлі ұғым
қоланылады: биотоп және экотоп (өлі табиғат факторлары: кли-
мат, топырақ).
Биотоп – абиотикалық фактор тұрғысынан салыстырма- лы
түрде біртекті биоценоздар тіршілік ететін суқоймасы неме- се
құрлықтың бір телімі. Мысалы, дала зонасындағы жануарлар мен
өсімдіктер популяциясының биотобы – дала (159-сурет), шөл
популяциясының биотобы – шөл, тау популяциясының биотобы –
тау, су популяциясының биотобы – мұхит, теңіз, көл, өзен.
159-суретке қарай отырып дала биотобын сипаттаңдар. Талқылаңдар
жән бір-біріңн ің жауаптары ңды бағалаңдар.
Экожүйенің түрлері мен типтерін тіршілік ететін жерінің таби ғат
жағдайына қарай отырып ажыратуға болады. Осылай экожүй ен ің
үш тобын және биосфераның алуан түрлі бірлігін анықтай ды.
Экожүйенің негізгі табиғи жүйелері – жер беті (жерүсті), тұщы
159-сурет. Дала зонасы биотобы ның көрінісі