Page 271 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 271
160-сурет. Экожүйенің түрлері
сулы және теңіздік. Экожүйедегі түрлердің алуан түрлілігі – экожүй ен ің
өміршеңдігінің басты көрсеткіш і (160-сурет).
Өзің тұраты н жердің экожүйесін атап шық. Олар жануарлар және
өсімдіктердің саны бойынш а өзара қалай ажыраты лады?
табиғи экожүйенің түр жағынан құрылымы. Экожүйенің түр
жағынан құрылымы дегеніміз, экожүйені қалыптастыруш ы ағзалар
түрінің санына қатынасы. Түрдің алуан түрлілігі көп болған са-
йын, экожүйенің (биотоп) жағдайы соншалықты қолайлы және
алуан түрлі дегенді білдіреді. Түр жағынан алуан түрлі экожүй е ге
экваторлық және тропиктік ормандар жатады.
Экожүйедегі бір түрдің көп болуын – басым түр (доминант )
деп атайды. Дала зонасында бетегелі-селеу, астық тұқымд асты
түрлі шөптесін өсімдіктер басымдық танытады. Шөлді жерлерде –
сексеуіл, өзен жайылмасында – қамыс-құрақтар басым болып ке-
леді (161-сурет).
Дала зонасының жануарлар дүниесіне зер салыңдар. Жануарла р д ы ң
қандай түрі көбірек кездеседі? Суреттегі нұсқарлар нені білдіреді? Бір -
біріңе түсіндірің дер және өз жауаптарыңды бағалаң дар.