Page 268 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 268
158-сурет. Жалман кездесетін аудандар – Бетпақдала шөлі
және Балқаш маңы мен Алакөл ойыстары
Өзің тұратын жерде өсімдіктер мен жануарлардың эндемик түрлері
кездесе ме? Олардың қайсысы Қазақстанн ың Қызыл кітабына енгізілген?
Жалман – кеміруш ілер отрядына жататы н сирек кездесетін және ерекше
бір түрі. Зоологтар жалманның анатоми ясы н зерттеу барысын - да
сыртқы пішіні қарақасқа ұқсас болғандықтан, оны жеке қарақас т ар
тұқымдасы на жатқы зды . Түгі қалың, арқа жүні ақшыл сарғыш. Ін
қазбайды, басқа кеміруш ілердің тастап кеткен інін пайдалан а ды .
Жалманды алғаш рет ашқан В.А. Селевин болатын. Сондықтан да
жалманды орыс тілінде «селевиния» деп атайды.
Соңғы жылдары Жердің фаунасы мен флорасын зерттеуде және
оны қорғауда географтар, биологтар және экологтардың ізден ісін
біріктіретін ғылым биогеография болғандықтан, осы ғылымға көп
мән беруде.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тақырыптағы негізгі мына ұғымдарға анықтама беріңдер: флора,
фауна, ареал, эндемик. Оларға мысал келтіріңдер.
2. Өсімдіктер мен жануарлардың эндемик түрлерін зерттеудің маңыз -
дылығы н топ арасында талқы лаңдар.