Page 57 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 57
Табиғи орта Антропогендік орта Қоғам
Природная среда Антропогенная среда Общество
Natural Man made habitat Society
inviroment
Жер бетіндегі адамның тіршілігі. Адамның Жер бетіндегі
тіршілік ету тарихы – өзінің өмірі және қауіпсіздігі үшін күрес.
Ежелгі кездегі адамзат популяциясының дамуы экологиялық фак
тор арқылы анықталды: климаттық (температура, салыстыр-
малы ылғалдылық және т.б.), физикалық (топырақтың қасиеті,
судың және ауаның физикалық-химиялық қасиеті және т.б.), азық-
түлік, биологиялық (түрішілік өзара байланыс және түраралық
байланыс). Ежелгі адамдардың өмірі тіршілік ететін табиғи
ортаға бейімделуіне байланысты жүрді. Олардың өмірі өте қауіпті
жағдайда жүріп жатты. Жасаған еңбектері қиыншылықтармен
ұштасып, тіршілік үшін күреспен жалғасуда болды.