Page 54 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 54
27-сурет. Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы гипотезалар
Абиогенез және биогенез теориялары өзіндік жорамалдары бар
бірнеше гипотезалардың негізінде құрылған (27-сурет).
Креационизм (лат. сreatio – жаратылу) –
тіршілікті Құдай жаратты. Тіршілікті Құдай д ың
жаратқанын сенім-наным арқылы қабылдауға бо-
лады. Бұл теорияны эксперимент арқылы тексеру -
ге немесе жоққа шығару мүмкін емес (5-кесте).
Ежелгі грек оқымыстысы Анаксагор б.з.д. V
ғасырда панспермия идеясын ортаға салды.
Тіршіліктің ұрығы метеориттер немесе ғарыш ты қ
шаң-тозаң арқылы жерге түскен.
Неміс химигі Юстас либих (1803–1873) панс-
пермия гипотезасын былай түсіндірді: тіршілік бір
планетадан екінші планетаға метеориттер арқылы
тараған. «Тірш ілік ұрығы» жаңа планетаға жет- кен
соң, қолайлы жағдай туындап, өніп-өсіп
Анаксагор қарапайымнан күрделіге қарай эволюциялық жол-
мен дамып отырған (5-кесте).
Стационарлық гипотезаны қолдауш ылардың ойынша, Жер
ойда-жоқтан пайда болған жоқ, ол мәңгі осылай болған. Жер қай
кезде де тіршілік етуге қолайлы болды, жануарлар мен өсімдіктер
қашан да өмір сүрген, ал болған өзгерістер өте мардымсыз. Бұл
гипотезаны кейде этернизм (от лат. eternus – мәңгі) деп те атайды.
Бұл гипотеза ғылыми тұрғыдан қарастырылмайды (5-кесте).