Page 50 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 50

25-сурет.  Мұхи ттың  құрлық  және  атмосферамен  өзара  әрекеттесуі

        географиялық  қабықтың  қалыптасуындағы  негізгі  фактордың  бірі
        болып  есептелінеді  (25-сурет).

                 25-суретке  талдау  жасаңдар.  Мұхитты ң  құрлық  және  атмосфера ме н
                 қалай  әрекеттесетіндігін  рет-ретімен  жазып  шығыңдар.  Сызба  бойын ш а
                 өзара  әрекеттесуге  мысал  келтіріңдер:  мұхит  –  құрлық,  атмосфера  –
                 мұхит,  атмосфера  –  құрлық,  өсімдік  –  атмосфера  –  мұхит,  мұхит  –
                 атмосфера  – литосфера.  Орындалған  жұмыстары ңды  талқылаңдар  және
                 бағалаңдар.

            Табиғаттағы  барлық  компоненттер  литосферадағы  болып  жатқан
        үдерістерді  сезінеді.  Олардың  арасында  болып  жатқан  табиғи  апат-
        тар  мен  катастрофалар:  жанартаудың  атқылауы,  жер  сілкінісі,  ц у -
        нами,  көшкін  және  тастардың  құлауы.
            Географиялық  қабықтың  дамуында  биологиялық  айналым н ың
        да  рөлі  жоғары.  Жарық  жерде  жасыл  өсімдіктер  көмірқы ш қыл
        газын  және  судан  жануарлардың  азығы  болатын  органикалық  зат-
        тарды     түзеді.    Жануарлар       мен    өсімдіктер      өлгеннен      кей ін
        бактериялар  мен  саңырауқұлақтың  әсерінен  ыдырап,  минерал ды
        заттарға  айналады.  Ол  минералды  заттарды  қайтадан  өсімдіктер
        сіңіріп  алады.  Бір  элемент  бірнеше  рет  тірі  ағзалардың  органикалық
        затына  және  бірнеш е  рет  қайтадан  минералға  айналады.
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55