Page 48 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 48
Жер және Күннің сыртқы қабықтарының өзара әрекеттесуі.
Географиялық қабық компоненттері үнемі бір-бірімен өзара
әрекеттеседі (24-сурет). Географиялық қабықтағы барлық үдеріс-
тердің пайда болуының негізгі көзі – Күннің энергиясы. Күнн ің
энергиясы ең маңызды деген екі үдерістің – су айналымы және
тіршіліктің дамуына әсер етіп – географиялық қабықты түзеді.
Күннің белсенді кезеңінде магнитті өрістің әсері жоғарылай ды,
өсімдіктердің өсу жылдамдығы өзгереді, адамдардың денсаул ығы
нашарлайды (әсіресе жасы үлкен кісілерде).
Су мен ауа тау жыныстарындағы жарықшалар арқылы еніп, үгілу
үдерісіне қатынасады. Өзендер мен жерасты сулары минералды