Page 51 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 51
Биосферадағы ағзалар гидросфераға да әсер етіп, дүниежүзіл ік
мұхит суларының тұздылығына ықпалын тигізеді. Ағзалар мұхи т
суынан қаңқа, бақалш ық, сауыт құрылысын жетілдіру үшін қажетті
заттарды сіңіріп (әсіресе кальций) алады. Гидросфера көптеген
тіршілік иелерінің мекені болса, өсімдік және жануарлар үшін
негізгі тіршілік нәрі.
Ағзалар тау жыныстарын түзумен қатар оның бұзылуына да
(үгілу) әсер етеді. Олар тау жыныстарына әсер ететін қышқылдар ды
бөліп шығарып, олардың жарықтары арқылы еніп, бұзылуына алып
келеді.
Топқа бөлініңдер. Кестені толтырыңдар. Кестеге қорыты нды жа-
сап, оны топ ішінде талқылап, бағалаң дар.
Қабықтың қасиеті Мысалдар
1. Тұтастығы
2. Ырғақтылығы
3. Үздіксіздігі
Адамдардың қауіпсіз өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін ,
қабықтардың өзара әрекеттесу барысында қалыптасатын, қауіп ті
үдерістердің пайда болуының алдын алу керек және оған болжа м
жасай білу керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Неге география лы қ қабықтағы көптеген үдерістердің пайда болу
көзі – Күн? Түсіндіріңдер.
2. Көктем айларында өзендердегі сел және су тасқындарыны ң қалып -
тасуына Жер қабықтарын ың әрекеттесуіндегі қандай үдеріс әсер етеді?
3. Адамның Жер қабықтарымен өзара әрекеті туралы әңгіме құрас-
тырыңдар. Қолай лы және қолайсы з жақтарына мысал келтіріңдер.