Page 46 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 46
Табиғи құбылыстар мен үдерістердің жіктелуі (классифика -
циясы).
Табиғи құбылыстар мен үдерістердің алуан түрлілігі оларды
жіктеуді және жүйелеуді талап етті. Суретте олар жалпылам а
берілген (23-сурет).
23-сурет. Табиғи құбылыстар мен үдерістердің
жіктелуі (классификац иясы)
Табиғи құбылыстар мен үдерістердің жіктелуіне қарай топқа
бөлініңдер. Оларға таныстыры лым (презентация) дайындаң да р .
Осылардың қайсысы өздерің тұраты н елді мекен тұрғындар ы н а
қауіп туғызуы мүмкін. Олар туралы нені білу керек? Қан да й
қауіпсіздік ережесін сақтау керек? Өздерің орындаған таныс ты -
рылымды талқылаңдар және талдаң дар.
Жер планетасы бір уақытта бірнеше айналым жасайды және
миллиондаған жыл ішінде, оның үстіңгі беті үнемі өзгеріске ұшы-
райды. Дегенмен ол жалғыз, бірегей тіршілігі бар планета.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жердің қозғалысы, жыл маусымдардың ауысуына қалай әсер етеді. Түсіндір?
2. Судың көтерілу және қайтуы арасындағы үдерісті Жердің қасиетімен байланыстырып
түсіндіріңдер.