Page 44 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 44
градус бұрышпен көлбеу орналасқан (19-сурет). Бұл Жердің бір
жыл ішінде Күнге қарай әртүрлі орналасуына, күн сәулесінің түсу
бұрышына және маусымдардың ауысуына әсер етеді.
19-сурет. Жер осінің көлбеу орналасуы
Жердің өз осінен айналуы. Жер шарт-
ты түрде алынған осі арқылы батыстан
шығысқа қарай жұлдызды тәулікте толық
айналып өтеді (20-сурет). Жұлдыз ды
тәулік шамамен 24 сағатқа тең.
Жердің тәуліктік айналуы тек қана күн
мен түннің ауысуына себепші болу- мен
20-сурет. Жердің өз осі бірге, кез келген қозғалатын дененің жер
арқылы қозғалуы бетінен ауытқуына әсер етеді.
Күнделікті өмірде мұндай ауытқуларды сезбейміз, ал таби ғи
үдерістерге кәдімгідей әсер етеді. Қатты жылдамдықпен келе
жатқан ауа массалары және су массалары ауытқиды. Сондықтан да
өзен жағасының бір жағы су жылдамдығының әсерінен ұдай ы
шайылып тік жар болып келсе, екінші жағалауы көлбеу жазық
болып келеді. Солтүстік жартышардағы қозғалатын денелер оңға
қарай бұрылса, оңтүстікте солға қарай бұрылады (21-сурет).
Жер мен Ай екеуіне ортақ орталығы арқылы айналуы, соның
ішінде Жердің өз осі және Айдың Жерді айнала қозғалуы – су
деңгейінің белгілі бір уақытта көтеріліп, кейіннен төмен түсуін е
әсер етеді. Су деңгейінің көтеріліп, төмен түсуі тәулігіне екі рет
қайталанады (22-сурет). Су деңгейінің көтерілуі Жердің тәуліктік
айналымына қарсы, шығыстан батысқа қарай қозғалады.