Page 42 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 42

18-сурет.  Салыстырмалы  түрде  алынған  Жер  планетасы

                      Spacephotos.ru  сайты  деректерін  (Ғарыш,  Ғалам  және  Астрон ом и я
                      туралы  сайт)  пайдалан ып,  Күн  жүйесіндегі  қандай  планеталар  алып
                      және  Жер  тобындағы  планеталарға  жататын ын  анықтаңдар.  Олар д ы ң
                      арасындағы  айырмаш ылықты  табыңдар.  Орындалған  жұмысты  талқы -
                      лап,  бағалаңдар.

                  Жердің  Күн  жүйесіндегі  орналасқан  орны,  оның  өлшемі,  пішін і,
             Күнді  айнала  қозғалысының  ерекш елігі,  табиғаттағы  көптеген
             құбылыстар  мен  үдерістерге  тигізетін  әсерін  анықтайды.  Олардың
             барлығы  бірегей  және  ерекше.  Бір-бірімен  өзара  байла-  ныса
             отырып  Жер  планетасының  бейнесін  анықтайды.
                  Жерден  Күнге  дейінгі  арақашықтық.  Басқа  планеталарға
             қарағанда  Жердің  Күнге  дейінгі  арақашықтығы  қажетті  энерги я
             мөлшерін  қабылдауда  оңтайлы  орналасқан  (149  597  870  км).  Мер-
             курий  және  Шолпанға  қарағанда  қатты  ыстық  емес,  Марс,  Юпи тер
             және  Плутон  сияқты  суық  емес.  Жердің  орташа  температурасы  –
             15,5 С.
                  о
                  Жерде судың болуы. Жердің  өте  үлкен  көлемде  су  қоры  бар.
             Жердің  үстіңгі  бетіне  жақын  сұйық  күйінде  орналасқан  осын-  шама
             көлемдегі      су,   бізге    белгілі    планеталардың        бірде-біреу ін де
             кездеспейді.  Жер  бетінің  71%-ын  су  алып  жатыр.  Олардың  орна-
             ласуы  біркелкі  емес  (5-кесте).
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47