Page 43 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 43
5-кесте
Жердегі құрлық және судың үлес салмағы
Жер беті Солтүстік Оңтүстік Жер тұтас
жарты шар жарты шар алынғанда
2 2 2
млн км % млн км % млн км %
Құрлы қ 100 39 49 19 149 29
Су 155 61 206 81 361 71
Барлығы 255 100 255 100 510 100
1. 4-кестеге зер салып, жарты шарларда қандай материктер мен
мұхиттар орналасқанын анықтаңдар.
2. Жарты шарлардағы құрлық пен судың арақаты насы н
салыстырың дар.
Жер қабықтары. Жер планетасында Атмосфера, Гидросф ер а,
Литосфера және үшеуіне ортақ Биосфера қабаттары бар. Басқа
планеталарда да қабаттар бар, бірақ Жердікіндей үшеуі бірдей
кездеспеуі мүмкін. Атмосфера барлық планеталарда кездеспей ді.
Атмосфера Жердің бетін экстремальды температурадан қорғап
тұрған көрпе тәріздес.
Гидросфера тек қана біздің планетамызда кездеседі. Басқа пла-
неталарда мұз күйінде кездесуі мүмкін, бірақ ол біздегідей сұйық
күйінде емес. Қатты литосфера қабаты да барлық планетада бірдей
кездеспейді. Жер, Марс, Шолпанның қатты қабаты болғаны м ен,
Юпитер және Сатурнда қатты қабаттың орнына газды қаба т
кездеседі. Жердің ең негізгі ерекш елігі – тіршіліктің
болуы(Биосфера қабаты).
Жердің қозғалысы. Жердің төрт түрлі қозғалысы бар екені
анықталды. Күн жүйесімен бірге Галактиканы айналуы. Бір
галактикалық жыл (Күн жүйесінің галактиканы толық бір рет ай-
налып өткен уақыты) 280 млн жылға тең.
Өз орбитасы арқылы Күнді айналып қозғалуы. Жердің өз ор-
битасы арқылы қозғалғандағы жылдамдығы 30 км/сек. Толық
айналып шығуына 365,25 тәулік кетеді. Бұл уақытты жұлдызд ы
жыл деп атайды. Жердің осі орбита кеңістігіне тік орналаспай 66,5