Page 16 - Мағжан Жумабаев [восстановлен]_Neat
P. 16
Қайтыс болғаннан кейін
Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Мағжан есімін ақтау ісі 1958 жылы қолға алынды.
Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым
жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Мағжан шығармалары басылмай қала берді.
1960 жылы Түркістан әскери окр. әскери трибуналының алқасы шешімімен М.Жұмабаев толығымен,
біржола ақталды. Мағжан есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми
мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы М.Жұмабаев шығармаларымен
жете таныса алмай келді.
Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. 1969 жылы
Мағжанмен қызметтес, таныс болған адамдар Мағжанды ақтау, шығармаларын жариялау керектігі
жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын.
Бірақ Мағжанның шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана
бастады. 1995 жылдан М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Шөмішбай
Сариев бастаған ғалымдар тобы Жұмабайұлының 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды.
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана
нақтылы жолға қойылды. Мағжан есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар
атқарылды. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Мағжан Жұмабаев есімі берілді.
Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан
облысының бұрынғы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып аталды (2000). Мектеп оқушылары
арасында жыл сайын республикалық Мағжан оқулары өтеді.