Page 20 - Мағжан Жумабаев [восстановлен]_Neat
P. 20
Сағындым
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Әлдеқайда Күн шығады, батады,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. Сорлы тұтқын күңіреніп жатады.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған Қарар болсаң терезеден темірлі,
Алыстағы сорлы анамды сағындым. Көздеп тұрған күзетшілер атады.
Жатқан үйім – қабырғасы қара тас, Ас бола ма сасық сорпа, қара нан?
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас, Алма бетте қалмады ғой тамшы қан.
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке, Қоңырау қағып оятады ақырып,
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас. Тым болмаса сібірлеп те атпай таң.
Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар, Бостандықта өткен күнді сағындым,
Есігімде мықты қара құлып бар. Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
Кіп-кішкене терезелер темірлі, Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
Мұндай үйден кімге естілер ащы зар! Ойдағыны еткен күнді сағындым.
Алтын Күнді, қара жерді сағындым, Абақтының айға баға күні ұзақ.
Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым. Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ.
Асау тайдай еркелетіп өсірген, Ескі мола дән дыбыс жоқ, тым-тырыс,
Ағайынды, туған елді сағындым. Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ.