Page 21 - Мағжан Жумабаев [восстановлен]_Neat
P. 21

Қара жылан – қалың ойлар қаптады,                                                     Жүрегіме жақын жанды сағындым,

     Шыбын жаным барар жерді таппады.                                                      Жібек мінез, ақық жарды сағындым.
     Ойлар жейді жас жүректі жегідей,                                                      Айрыларда күншығыстан ағарып,

     Тәңірі ием, таңың-дағы атпады!                                                        Ақ жібектей шапақ таңды сағындым.


     Ойыны бір құрдастарды сағындым,                                                       Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

     Тілегі бір жолдастарды сағындым.                                                      Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
     Келешекке бірге жоспар құрысқан                                                       Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,

     Сырласатын жан достарды сағындым.                                                     Істей берсін қолдарынан келгенін!


     Уға толды жас жүрегім, жабықтым,                                                      Қалың елім, қалаң қара ағашым,

     Таныс дауыс ести алмай зарықтым.                                                      Қайраты мол айбынды ер, Алашым!
     Не дегенін, не істегенін біле алмай,                                                  Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл,

     Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың!                                                 Ақымақтар байқамаған шамасын.


     Құшақтарға жанымжа жоқ жақын жан,                                                     Қазағымды, қалың елді сағындым,

     Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан.                                                   Сарыарқамды – сайран жерді сағындым.
     Жалындаған жас жүрекке не пайда,                                                      Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,

     Дене күйіп, бір жатып, бір тұрудан?                                                   Арқадағы айдын көлді сағындым.
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26