Page 112 - Теория кавитации
P. 112
9-Сурет – Жаңа өлшем бірлігін қосу терезесі.
Осы сияқты, жаңа сақтау мерзімін қосу үшін Классификаторлар қалқымалы мәзіріндегі
Сақтау мерзімі бөлімін; жаңадан каналдар типін қосу үшін Классификаторлар қалқымалы
мәзіріндегі Каналдар типі бөлімін және де жаңа бекіту нүктелерін қосу үшін Бекіту нүктелері
бөлімін таңдау керек. Осы таңдауларды таңдаған кезде сәйкес терезелер ашылады. Оларды Г
Қосымшасынан көре аласыз.
Деректерді имитациялау
Алғашқы деректерді имитациялау үшін Байланыс сеанстары мәзіріндегі Алғашқы
деректерді имитациялау бөлімін таңдау керек. Бұл таңдауды жасаған кезде төмендегі
хабарлама шығады:
10-Сурет – Нақтылау терезесі.
Бұдан кейін уақытты таңдау терезесі ашылады:
11-Сурет – Уақыт имитациясы.
Бұл терезеде ағымдағы уақыт көрсетіліп тұрады. егер оны өзгерту керек болса, онда сол
мәннің орнына басқа мәнді енгізуге болады. Аралық интервал 1 сағаттан кем болмауы шарт.
Деректер графигін көру
Ол үшін керекті каналды белсенді етіп Арналар мәзіріндегі Деректер графигі бөлімін
таңдау керек. Сонда белсенді каналдың деректерінің графикгі бар терезе ашылады. Ол терезені
төмендегі 12-суреттен көре аласыз. Мұндағы Оx осі бойынша имитация уақыттары және Оy осі
бойынша канал дерегінің мәні бар канал дерегінің гарфигі тұрғызылған. Оған қарап канал
көрсеткішінің өзгеруін айқын түрде бақылай аламыз.
Бұл терезеде, сонымен қатар, деректерді кестелік түрде көру бөлімі бар. Егер сол бөлімді
таңдасаңыз, онда графиктің түрдегі деректі кестелік бейнеде көре аласыз. Және де бұл терезеде
керекті уақыттағы мәліметтерді алуға болады. Ол үшін уақыт диапазонын таңдап, Ашу
батырмасын басу керек.
111