Page 113 - Теория кавитации
P. 113
12-Сурет – Деректер графигі терезесі.
3.6.3 Имитациялау жүйесімен жұмыс жасау
Имитасия параметрлерін өзгерту үшін негізгі терезедегі Байланыс сеанстары менюінің
Имитацияны жөндеу бөлімін таңдау керек. Сол кезде төмендегі суреттегідей сұхбаттық трезе
ашылады.
13-Сурет – Арна имитациясының параметрлерін жөндеу терезесі.
Бұл терезеде әр арна бойынша имитация параметрлерін өзгертуге болады немесе жаңадан
параметрлер беруге болады. Ол үшін трезенің оң жақ бөлігіндегі бос орындарды толтыру қажет.
Ең соңында Сақтау батырмасын басу керек. Сол кезде имитацияның жаңа параметрлері init.ini
файлына жазылады. Ол файлды жоғарыда толық сипаттап өттік.
3.6.4 Мнемосхема редакторы
Мнемосхема паратерлерін өзгерту үшін MnmConf.exe файлын іске қосу керек. Сол кезде
төмендегідей терезе ашылады:
14-Сурет – Мнемосхема атын таңдау терезесі.
Бұл терезеде өзгертуге қажетті мнемосхеманың атын жазау керек. Сонан кейін OK
батырмасын басасыз. Сол кезде 14-суреттегідей мнемосхема редакторы ашылады. Ол
редакторде жеті бөлік бар.
Бірінші бөлік Mnemo file аталады. Ол жерден бізге қажетті мнемосхеманың атын жазып,
оны көре аламыз.
Екінші бөлік Mnemo tile деп аталады. Мұнда мнемосхеманың жоғарыда орналасқан
тақырыпшасы жазылады.
112