Page 108 - Теория кавитации
P. 108

Кванттық  жылу  электр  стансасындағы  каналдарды  сипаттау,  олардың  мәліметтерін
                  экранға кестелік түрде шығару үшін каналдармен жұмыс жасау жүйесі ұйымдастырылды. Біз
                  бұл жерде әр каналдың атын беріп, оның қай жерде онраласқанын көрсете аламыз. Сонымен
                  қатар, каналдың сақтау мерзімі, ол туралы қосымша ақпарат және өлшем бірлігі көрсетілген.
                  Каналдың  атауын  таңдап,    оның  дерегін  графикалық  түрде  немесе  кестелік  түрде  экранға
                  шығаруымызға болады.
                       Каналдарды сипаттау модулін ашып жазайық.
                       Бұл модульде мынадай компонеттер қойылған:

                        15 ToolButton;
                        5 Edit;
                        1 DBGrid;
                        1 DBMemo;
                        1 StatusBar;
                        1 BitBtn;
                        1 Label;
                        1 ImageList;
                        1 MainMenu;
                        1 PopupMenu.

                       Деректерді  экранда  көрсету  үшін  DBGrid  компоненті  қолданылған.  Ол  DataSource
                  компонентімен байланысады.
                       Ол жерде функциялар меню түрінде ұйымдастырылған. Батырмалар ToolButton арқылы
                  жасалды.

                       «Word-қа шығару» батырмасы
                       Бұл  батырма  кестелік  ақпаратты  MS  Word-қа  шығарады.    MS  Word-қа  шығаратын
                  батырмаға мынадай код жазылды:

                       procedure TFrmMain.RepToWordExecute(Sender: TObject);
                       var word:TMSWord;
                           i:integer;
                       begin
                         i:=0;
                         word:=TMSWord.Create;     //  MS Word сыныбын жасау
                         if not word.Open then           // Ole нысанымен байланысты ашу
                         begin
                           Error('Не могу открыть msWord');
                           exit;
                         end;
                         word.New;                            // жаңа құжат
                         word.InsertCenterText(caption+#13);    // құжаттың тақырыпшасын қою
                         DataSetToWordTable(Grid,DataSource1.DataSet,word,true);   // кестені қою
                         word.Show;                          // Word-ты көрсету
                         word.Free;                            // жады босату
                       end;

                       Бұл әрекет – процедура MS Word сыныбын жасайды және Ole нысанымен байланысты
                  ашады. Егер аша алмаса, онда 'Не могу открыть msWord' түріндегі хабарламаны шығарады.
                  Ашылған жағдайда жаңа құжат жасалады. Сонан кейін ол ашылған құжаттың тақырыпшасын
                  қояды. Ары қарай ол құжатқа керекті кестені қояды. Ең соңында Word-ты көрсетеді.
                                                                 107
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113