Page 105 - Теория кавитации
P. 105
Бұл мнемосхемадан квантық жылу стансасының әр бөлігінде орналасқан датчиктерден
келіп түскен мәліметтер қөрініп тұрады. Біз одан қарап бізге керекті дактчиктің көрсеткішінің
мәнін біле аламыз. Және де әр көрсеткіштің қай жерде, қандай жағдайда тұрғанын бақылай
аламыз.
5-Сурет – Мнемосхеманың көрінісі.
Әр датчиктің мәндерді көрсетудің төмендегі диапазондары бар:
- жасыл түсті диапазон қалыпты жұмысты білдіреді;
- сары диапазон. Мәннің бұл диапазонға түсуі штаттан тыс қалыптан ауытқуды көрсетеді
эәне өзіне ерекше назар аударуды талап етеді;
- қызыл дапазон. Бұндай диапазондағы мән авариялық жағдайдың орын алғанынан
хабардар етеді. Нақтылау үшін квантық жылу электр стансасының мынадай датчиктер
орналасқын:
Т1 – электромотордың подшипниктерінің температурасы;
Т2 – насостан шыққан кездегі судың температурасы;
Т3 – циклондағы су температурасы;
Т4 – соплодан шыққан кездегі су температурасы;
Т5 – 1-ші су жинағыштағы су температурасы;
Т6 – 2-ші су жинағыштағы су температурасы;
Т7, Т8 – жылу магистраліндегі су температурасы;
Р1 – судың насосқа дейінгі қысымы;
Р2 – судың насостан шыққан кездегі қысымы;
Р3 – судың циклондағы су қысымы;
Р4 – судың соплодан шыққан кездегі қысымы;
О1 – қалақшаға келіп түсіп жатқан су көлемі;
U1 – пульттегі кернеу;
М1 – жоғарғы генератордың қуаты,
М2 – төменгі генератордың қуаты.
Гидротрубинаның қалақшасының тұсындағы тұрған қызыл төрттбұрыштың үстін басу
арқылы гидротрубинаның мнемосхемасына өтеді. Ол жерден гидротрубинаның қалақшасының
айналу жылдамдығын көре аласыз.
104