Page 100 - Теория кавитации
P. 100

Контроллерлер және кіру/шығу модулдері деңгейі технологиялық прцестерді басқарудың
                  классикалық міндеттерін атқарады. АБЖ-дағы негізгі  басқару қызметтері  осы деңгейде іске
                  асырылады,  сондықтан  бұл  деңгейдің  бар  болуы  міндетті  болып  саналады.  Бұл  деңгейдің
                  атқаратын  қызметтері  –  бастапқы  технологиялық  ақпаратарды  өңдеу  мен  жинау  және
                  технологиялық  үдерістерді  басқару.  Бұл  деңгейде  технологиялық  ақпараттардың  алғашқы
                  өңдеудің жылдамдығы және дұрыстығы, автоматтандыру құралдарының сенімді жұмыс жасауы
                  қамтамасыз етіледі.
                       Бұл  деңгейдің  ең  басты  элементі  есептегіш  блок  –  бағдарламаланатын  логикалық
                  контроллерлер  (БЛК).  Оған  енгізілген  бағдарламаға  сйкес  ішінде  орналасқан  немесе
                  жалғанатын кіріс-шығыс модулдері арқылы бастапқы ақпаратты жинау мен өңдеу ең төменгі
                  деңгейден  –  технологиялық  параметрлердің  датчиктерінен  (термопар,  деңгей  өлшегіштері)
                  жүргізіледі және де атқарушы тетіктерді (клапандарды, двигателдерді) басқару іске асырылады.
                       Датчиктер  мен  атқарушы  тетіктердің  деңгейі,  атынан  көрініп  тұрғандай,  датчиктерден
                  (кедергі термометрлері, манометрлер, сыйымдылық деңгейін өлшегіштері) және дистанциялық
                  түрде  басқарылатын  атқарушы  тетіктерден  (насостар  келтіргіштері,  қалыпқа  келтірілетін
                  клапандар) тұрады. Олар технологияық үдерісті басқару қалай жүргізіліп жатқандығы туралы
                  ақпарат алуға арналған. Жүйенің құрылымдық сызбасы – 1-суретте көрсетілген.















                                                     1-Сурет – АБЖ  құрылымдық сызбасы.

                       Кіріс және шығыс деректерін талдай келе квантты жылу электр стансасының жұмысын
                  автоматтандыруға  арналған  жүйеде  бұл  станция  басқару  нысаны  ретінде  алынып,  оның
                  жұмысына әсер ететін негізгі параметрлерді келтірдік. Оны 2-суреттен көресіз.


                                                 Т2                                  М1
                                                 Т4         Басқару нысаны
                                                 Т5                                                                                                М2
                                                 Р2
                                                 Р3                                  U1
                                                 О1
                                                 Р4                                     Т7
                                                 Т6


                                       2-Сурет – КЖЭС автоматтандырылған басқару нысаны ретінде.

                       Басқару нысанының кірісінде мына параметрлер болады:
                        Т2 – насостан шыққан кездегі судың температурасы;
                        Т4 – соплодан шыққан кездегі су температурасы;
                        Т5 – 1-ші су жинағыштағы су температурасы;
                        Т6 – 2-ші су жинағыштағы су температурасы;
                         Р2 – судың насостан шыққан кездегі қысымы;
                         Р3 – судың циклондағы су қысымы;

                                                                  99
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105